Қоғам
1 мин оқу 60

Студент жасаған сусын

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау туризм колледжінің студенті Сұлтанбек Рахатұлы шұбатты жаңа тәсілмен өңдеп, заманауи нарыққа бейімдеді. Жас өнертапқыш бұл жобаны жетекшісі Ұлпан Ілесқызымен бірлесіп жүзеге асырды.</p>

Студент жасаған сусын

Жаңа сусын 80 па-йыз түйе сүтінен дайындалады. Құрамына түрлі жеміс-жидек қосылғандықтан, өнім дәмі өте ерекше.

– Шұбат – халқымыздың қастерлі тағамының бірі. Алайда жастар бұл өнімді әрдайым тұтына бермейді. Сол себепті оны жаңаша ұсынуды мақсат еттік. Әрі дәс­түр мен заманауи дәмді үй­лестіргіміз келді. Осылайша, шұбатқа киви мен құлпынай қосып, жаңа дәм жасадық. Бірнеше мәрте тәжірибе жасап, дәм үйлесімділігіне мән бердік, – дейді Сұлтанбек Рахатұлы.

аа

Жоба авторының айтуын­ша, жаңа сусынның дәмін алғаш болып колледж ұжымы мен студенттер татып көрген. Кейін «Caspian» көрмесінде Маңғыстауға келген шетелдік қонақтарға да ұсы­нылып, оң бағасын алды. Бұл тәжі­рибе Сұлтанбекке өнімді нарыққа жеке бренд ретінде шыға­ру идеясын ұсынуға себеп болды.

Қазір студент өз өнімінің атауы мен дизайнын жетіл­діріп жатыр, сондай-ақ бұл идеяны патенттеуді қолға алды. Ол табиғи әрі ұлттық өнім ретінде сусынды кеңі­нен таныстырып, экологиялық таза, пайдалы әрі заманауи тауар ретінде нарыққа шы­ғаруды жоспарлап отыр. «Тұ­тынушылар шұбаттың дәмін ұнатып, оны күнделікті өмірде тұтынса, бұл үлкен жетістік болмақ», дейді өнертапқыш студент.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Студент жасаған сусын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар