Аймақтар
1 мин оқу 40

Басым бағыт – ауылдарды сумен қамту

<p style="text-align: justify;">Өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету &ndash; Мемлекет басшысы Үкімет алдына қойған басым міндеттердің бірі.</p>

Басым бағыт – ауылдарды сумен қамту

Президент тапсырмасы бо­йынша Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл ақша қайтарылған активтер қаражаты есебінен алынды.

Жобалар жалпы Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауыл­дарды қамтиды. Аталған шараларды жүзеге асыру Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмысқа топтық сумен жабдықтау жүйе­леріне қосу да, ауылішілік желі­лерді салу да кіреді.

Нысандар құрылысын аяқтау мен оларды пайдалануға беру осы жылдың аяғына жоспарланған.

Бөлісу:
Басым бағыт – ауылдарды сумен қамту · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар