Солтүстік Македония - Қазақстан матчын қайдан көруге болады
<p style="text-align: justify;">14 қазанға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македония Қазақстанмен Скопьеде ойнайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Солтүстік Македония – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады және оны Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Алты матчтың қорытындысы бойынша Қазақстанның алты ұпайы бар және J тобында төртінші орында тұр. Соңғы ойында қазақстандық футболшылар Астанада Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді.
Алты матчтан 12 ұпай жинаған Солтүстік Македония топта көш бастады. Соңғы кездесуінде македониялықтар сенсациялық нәтижеге қол жеткізіп, сырт алаңда Бельгиямен 0:0 есебімен тең түсті.