Президент
1 мин оқу 110

Қазақстанның бірқатар елдердегі Елшілері тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның бірқатар елдердегі Елшілері тағайындалды

Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қазақстанның бірқатар елдердегі Елшілері тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар