Президент
1 мин оқу 360
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционерін қабылдады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Кездесуде Президентке «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысына «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» бірлескен ірі жобаларын іске асыру барысы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вагит Алекперовті компанияның Қазақстандағы табысты қызметінің 30 жылдығымен құттықтады.
Бөлісу: