Форум
1 мин оқу 30

Еларалық инвестициялық форумға қатысты

<p style="text-align: justify;">Душанбе қаласында &laquo;Жасыл инвестициялар: тұрақты болашақ үшін қазіргі мүмкіндіктер&raquo; тақырыбында екінші &laquo;Душанбе халықаралық инвестициялық форумы &ndash; 2025&raquo; өтті. Іс-шара барысында Қазақстан &ndash; Тәжікстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қаралды.</p>

Еларалық инвестициялық форумға қатысты

Форумға 30-дан астам елден келген 600-ден астам шетелдік қонақтар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты. Іс-шараны Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон ашты.

Қазақстан делегациясын бас­тап барған Премьер-министр­дің бірінші орынбасары Роман Скляр пленарлық отырыс кезінде форумның екі ел үкіметі мен компаниялары арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды құралына айналғанын атап өтті. Күн тәртібінде екіжақ­ты сауда-экономикалық және инвес­тициялық ынтымақ­тас­тық­ты одан әрі дамыту, көлік және логистика, энергетика, ауыл шаруа­шылығы, қаржы және басқа да салалардағы өзара байланыстарды нығайту мәселелері қаралды.

Р.Скляр форумда белгіленген бағыттар қазіргі инвестициялық саясаттың негізіне айналып, Қазақ­станда кең қолдау тауып отыр­ғанын атап өтті. Еліміз жасыл трансформация, энергия тиімділігін арттыру және өнер­кә­сіпті цифрландыру бағы­тын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.

Тараптар қабылданған шешім­дер екіжақты қатынастарды бар­лық бағыттар бойынша одан әрі нығайтып, тереңдете түсуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Келесі Душанбе халықаралық инвестициялық форумын 2027 жылы өткізу жоспар­ланып отыр.

Бөлісу:
Еларалық инвестициялық форумға қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар