Парламент
1 мин оқу 40
Мәжіліс қатарына жаңа депутат қосылды
<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына Әбутәліп Мүтәлі келді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, Әбутәліп Мүтәлі – «AMANAT» партиясы фракциясының өкілі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол бұған дейін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек еткен.
Бүгін ол жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.
Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.
Бөлісу: