Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Қандыағашта 30 жасар таксист өлі күйінше табылды

19-02-15-taxi-1

АСТАНА. 19 ақпан. Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында көшеден өліп жатқан жігіттің денесі табылды. Бұл туралы «Диапазон» жазды. Оқиға үстіміздегі жылғы 10 ақпанда орын алған. Қандыағаш көшелерінің бірінен жас жігіттің өліп жатқан денесі табылған. Ол 30 жастағы иакси айдаушы болып шықты.  Сарапшылар оның пышақтап өлтірілгенін анықтады. Таксишінің көлігі бірқатар уақыттардан кейін Ембі қаласынан шықты. Оны әлдекімдер осында әкеп тастап кеткен сияқты. Қазір кісі өлтіруші іздестіріліп жатыр. Құрыш Нұрымбет. Дерек, фото: Диапазон.
Бөлісу:
Қандыағашта 30 жасар таксист өлі күйінше табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар