Экономика
4 мин оқу 90

Қытай мен Ресейді жалғайтын жол ашылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында &laquo;Көлік-логистиканы одан әрі дамыту керек. Еліміз Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған аса маңызды көпір болып саналатыны кеңінен белгілі. Былтыр территориямыз арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 млрд тоннадан асты. Сонымен қатар еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға әлі де зор мүмкіндік бар&raquo;, дей келе, транзиттік логистиканы дамытуды тапсырған еді.</p>

Қытай мен Ресейді жалғайтын жол ашылды

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында бүгін республикалық маңызы бар, ұзындығы 415 шақырым болатын «Қалбатау – Майқапшағай» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы басталды.

Осылайша, көпшілік көптен күткен республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай ба­ғытындағы тасжолдың салтанатты ашылуы өтті. Бүгін 8 жыл жүргізілген құрылыс жұмыс­ы аяқталып, екі бірдей облыс­тың халқы асыға күткен жол ел игілігіне берілді.

Күре жолдың ашылу рәсімі­не Абай облысының әкімі Берік ­Уәли, Шығыс Қазақстан облы­­сы­ның әкімі Нұрымбет Сақ­таға­нов, Мәжіліс депутат­тары Нұртай Сабилья­нов, Ерлан Саиров, Ұлықбек Тұма­шинов, Ринат Зайыт, Мақсат Толық­бай, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төр­ағасы Дархан Иманашев қатысты.

Республикалық тасжол ШҚО-ның қиыр шығысындағы Тарбағатай, Зайсан аудандарын қамтиды. Осы ретте ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ашылу сал­танатында ақжарма тілегін жеткізді.

– Бүгін – Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары үшін сән-салтанаты жарасқан ерекше күн. 8 жыл бойы жүргізілген, екі облыстың аумағымен өте­тін Қалбатау – Майқапшағай жолының ашылуына куә болып отырмыз. Бұл жол – Омбы – Майқапшағай халықаралық тасжолының ғана емес, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің де бір бөлігі. Осын­дай жұмыс­ты атқарған мердігер ком­па­нияға, сондай-ақ Үкіметке, Көлік министрлігіне және «Қаз­АвтоЖол» компаниясына үлкен алғысымызды білдіреміз, – деді Н.Сақтағанов.

Халықаралық тасжолдың ШҚО және Абай облыстары аума­ғындағы жалпы ұзынды­ғы 415 шақырым болса, оның 231 ша­қырымы Шығыс Қазақ­­стан облысының аумағы­мен өтеді. Белгілі болғандай, жоба аясында 7 көпір мен 223 су өткі­зу арнасы салынған. Осы ретте құрылыс жұмыстарын Қытайдың «Синь­син құрылыс және даму ком­паниясы» ЖШС жүргізге­нін айтқан жөн. Қытай мен Ресейді жалғайтын жол Шығыс Қазақ­стандағы шекаралық шал­ғай аудандардың әлеуметтік-эко­номикалық дамуына, сондай-ақ облыс пен еліміздің көлік-ло­гис­тика саласының өркендеуіне зор ықпал ететіні сөзсіз.

Жолдың салтанатты ашылу рәсімінде Абай облысының әкімі тасжолдың шығыс өңіріне ғана емес, республикаға маңызы ерекше екенін айтты.

– Мемлекет басшысы биыл­ғы Жолдауында «Өңірлердің кө­лік байланысына қатысты мәсе­лесі­мен мықтап айналысу керек. Бұл жөнінде қазір көп айты­лып жүр, соның ішінде халық­ара­лық форумдарда да талқы­ла­нып жатыр. Ірі транзиттік аймақ сана­ла­тын елімізге бұл бағыт айрықша маңызды», деген еді. Біз бүгін өңіріміздің инфрақұрылымдық дамуын­дағы маңызды белеске куә болып отырмыз. Жолдың бас­ты мерекеміз – Республика күні қарсаңында пайдалануға беріліп отырғаны облыс жұрт­шылығы үшін қуанышты жаңа­лық болғанын айтуымыз керек. Өңір тұрғындары бұл күнді көп күтті. Бұл халықаралық логис­ти­калық дәліз бойында Абай облысының Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандары бар. Аталған бағыт аймақтың экономика­­лық тұрғыдан дамуына, туристік әле­уетін арттыруға, өңіраралық байланысты жақсартуға сеп­тігін тигізері анық. Көлік министр­лігіне, «ҚазАвтоЖол» басшы­лығына, мердігер компанияға облыс тұрғындары атынан алғыс білдіремін, – деді Б.Уәли.

Жиында «ҚазАвтоЖол» ұлт­тық компаниясының басқарма төр­ағасы Д.Иманашев жо­ба­ның стратегиялық маңызына тоқталды.

– Қалбатау – Майқапшағай тас­жолы – еліміздің көлік сала­сы­ның маңызды бөлігі. Жол елі­міздің орталық және шығыс өңір­лерін қытай елінің шекарасымен байланыстырады. Жобаның жү­зеге асырылуы транзиттік әле­уетті арттыруға, өңіраралық және ха­лықаралық байланыс­ты ны­ғайтуға, жол қозғалысы қауіп­сіздігін қамта­ма­сыз етуге және аза­маттар үшін қолайлы жағдай жа­сауға мүмкіндік береді. Бұл – елі­міздің эко­номикалық тұрақты да­муы­на бағытталған жол инфра­құ­рылымын жаңғыр­тудың кең ауқымды жұмысы­ның нәтижесі, – деді ол.

Жол құрылысы Қытайдың «Экспорттық-импорттық» бан­кі­нің қаражаты есебінен және рес­публикалық бюджеттен қо­сымша қаржыландыру арқылы жүзеге асырылды. Жоба жалпы ұзындығы 415 шақырым болатын 10 учаскені және 2 жол пайдалану учаскесін қамтиды. Оның ішінде 184 шақырымы – Абай облысының, 231 шақырымы Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналас­қан. Жобаны іске асыру барысын­да 8 асфальт­бетон зауыты, 1 100 бір­лік жол-құ­рылыс техникасы, 1 800-­ден астам маман жұмылдырылды. ­5 демалыс алаңы, 37 көпір, 2 жол өтпесі, 349 су өткізу құбы­ры және демалыс аймақтарында 2 санитарлық-гигиеналық торап салынған.

Сөйтіп, біраз жылға созылған «Қалбатау – Майқапшағай» жо­басының аяқталуы – еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азияны жалғайтын стратегиялық көлік дәлізі болмақ. Жаңа тасжол өңір­аралық қаты­насты күшейтіп, шекара­лық аудандардың эконо­микалық тынысын кеңейтері сөзсіз.

Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ,

Бақытбек ҚАДЫР,

«Egemen Qazaqstan» 

Бөлісу:
Қытай мен Ресейді жалғайтын жол ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар