Оқиға
1 мин оқу 70

Павлодарда анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды

<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласында Марғұлан көшесіндегі&nbsp; көпқабатты тұрғын үйдің бірінде зейнеткер әйел мен оның 36 жастағы ұлының мәйіті табылған.&nbsp;Қайғылы жағдай қазан айының басында болған. Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады,деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды

Біраз уақыт бұрын ер адамның әкесі қайтыс болған. Оқиға орнынан табылған өзін-өзі өлтіру туралы жазбада қанды оқиғаның себебі ретінде дәл осы жағдай аталған.

«Павлодар қалалық орталық полиция бөлімінің тергеушілері қала тұрғыны әйелдің өлімі және оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.

Анықталғандай, күдікті қылмыс жасаған соң өзіне  қол жұмсаған.

Қазір аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Павлодарда анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар