Әлем
1 мин оқу 70

Түркияда әйелді трамвай қағып кете жаздаған

<p style="text-align: justify;">Түркияның Кайсери қаласындағы трамвай бекеттерінің бірінде құлаққап тағып келе жатқан әйел трамвай жолына абайсызда өтпек болған. Оны сол маңда қызмет атқарып жүрген күзетші дер кезінде байқап, шетке шығарып үлгерген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркияда әйелді трамвай қағып кете жаздаған

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Кайсери қалалық муниципалитетінің көлік басқармасы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, күзетшінің қырағылығының арқасында үлкен қайғылы жағдайдың алдын алғанын айтты.

«Бүгін таңертең трамвай желісінде құлаққап тағып жүрген жолаушы өміріне қауіп төндіріп алды. Бақытымызға орай, қауіпсіздік қызметкерінің жылдам әрекеті оның өмірін сақтап қалды», делінген ресми хабарламада.

Қалалық билік тұрғындарды қоғамдық көліктер маңында жүріп-тұру кезінде абай болуға және құлаққапты пайдаланбауға шақырады.

Бөлісу:
Түркияда әйелді трамвай қағып кете жаздаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар