Тағайындау
1 мин оқу 100
Антикордың экс-басшысы бас прокурордың орынбасары болды
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурордың орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы 2025 жылғы 18 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.
Асхат Жұмағали – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы.
Ол 1979 жылғы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.
Бөлісу: