Төтенше жағдай
1 мин оқу 240

Ақтауда бойжеткен тұрғын үй кешенінен секіріп кетті

<p style="text-align: justify;">Ақтауда 18 қазан таңертең қайғылы оқиға болды. Жас қыз қыз 17-шағын ауданда орналасқан Green Plaza тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан құлап түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтауда бойжеткен тұрғын үй кешенінен секіріп кетті

Куәгерлердің айтуынша, қыз оқиға орнында көз жұмған.

– Жұмыстан қайтып келе жатып, аулаға полиция көліктері жылдамдықпен кіріп келе жатқанын көрдім. Не болғанын білуге бардым. Алғашында ештеңе түсінбедім, бірақ полиция көлігінің жанында қыздың денесін көрдім. Ол кіреберістің дәл алдында құлаған, – дейді тұрғындардың бірі.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, болған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы жағдайдың мән-жайы мен марқұмның кім екені анықталып жатыр.

Бөлісу:
Ақтауда бойжеткен тұрғын үй кешенінен секіріп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар