Білім
1 мин оқу 150

Қазақстандық оқушыларға 7 күн демалыс беріледі

<p style="text-align: justify;">Ел мектептерінде бірінші тоқсан аяқталып келеді.&nbsp;Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық оқушыларға 7 күн демалыс беріледі

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың демалысын тиімді өткізу үшін «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынып отыр. 

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: 

«Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы;

«Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;

«Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыруға кеңес берілген. 

«Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет», делінген министрлік хабарламасында. 

Бөлісу:
Қазақстандық оқушыларға 7 күн демалыс беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар