Теннис
1 мин оқу 60

Еленаның жарқын жеңісі

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Нинбо қаласында өт&shy;кен WTA 500 халық&shy;ара&shy;лық тур&shy;нирінің бас жүлдесін еліміздің бірінші ракеткасы Е.Рыбакина жеңіп алды. Осы толайым табыстың арқасында Елена аптаның басынан ресми түрде әлемнің жетінші ракеткасы болады.</p>

Еленаның  жарқын жеңісі

Турнирдің бірінші айналымында бос болған Е.Рыбакина екінші турда украиналық теннисші Даяна Ястремскаямен (№30 WTA) кездесті. Аса тартыс­ты өткен ойын жерлесіміздің пайдасына шешілді, есеп – 6:4, 6:7(6), 6:3. Ширек финалда Елена аустралиялық Айла Томляновичті (№104) тас-талқан етіп ұтты – 6-2, 6:0. Жартылай финалда ежелгі қарсыласы, италиялық Жасмин Паолиниді де еркін еңсерді, есеп – 6:3, 6:2. Шешуші кездесуде ресейлік Екатерина Александрованы үш сетте, 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Нинбо корттарында бұр­нағы ойынын тапқандай, барынша жинақы ойнап, ше­бер­ліктің нағыз үлгісін көрсет­кен Елена қоржынына 500 рейтингтік ұпай салып, 101 000 доллар (54 259 220 теңге) табыс тапты. Сөйтіп, 1–8 қараша аралығында Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) қаласында өте-тін жылдың қорытынды тур­нирі-не қатысу мүмкіндігі арта түсті.

Жалпы, бұл жеңіс Е.Рыба­кинаның биылғы маусымдағы екінші жетістігі. Мамыр айының басында ол Францияның Страс­бург қаласында өткен WTA 500 са­натындағы турнирде топ жарған болатын.

Қазірде Е.Рыбакина 4505 рей­тингтік ұпайға ие, оның ең жақын ізбасарларында сәй­кесінше 4449, 4319 ұпай бар. Сондай-ақ рейтингте алтыншы орында тұрған Жасмин Пао­ли­ниден бар-жоғы 20 ұпайы кем еке­­нін де айта кеткен
жөн.

Бөлісу:
Еленаның жарқын жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар