Терроризммен ойнаған тергеуге түсер
<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласының 14 жасар оқушысы 20 қазанда полицияға мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсірген. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер: полиция, қызметтік иттерді үйретуші кинологтар және жарылғыш заттарды залалсыздандыру жөніндегі мамандар жеткен. Мұқият тексеру барысында күдікті заттар табылмаған деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазір полиция терроризм актісі туралы жалған хабар жасағаны үшін баланың үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің әрекеті әдепсіз әзілдің салдарынан болған.
Полиция мұндай әрекеттердің ауыр қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын жазады. Заң бойынша терроризм актісі туралы жалған хабар берген адамға 5 мың АЕК дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.
ПЕТРОПАВЛ