Алматыда жер сілкінісі тіркелді
<p style="text-align: justify;">ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша, 23 қазан күні Астана уақытымен сағат 12:20-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 136 шақырым қашықтықта анықталған.
Магнитудасы 4,9 баллды құрады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі сезілмеген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта өңірдегі сейсмикалық жағдай тұрақты. Қаланың инфрақұрылымына және тұрғындарға ешқандай қауіп төнген жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.