1 770 шетелдік елден шығарылды
<p style="text-align: justify;">13-17 қазан аралығында елімізде «Заңсыз келуші – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шара барысында полиция қызметкерлері 30 мыңнан астам шетелдік пен 2 мыңнан аса нысанды тексерді.
Тексеру нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 13061 фактісі анықталды. 9 500-ден астам шетел азаматы жауапкершілікке тартылып, олардың 1 770-і елден шығарылған. Сонымен қатар көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 2 759 астам Қазақстан азаматы және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 707 жұмыс беруші жауапқа тартылды.
Одан бөлек, іс-шара барысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және шетелдік жұмыс күшін қайталап заңсыз тарту фактілеріне қатысты 33 қылмыстық іс қозғалған.