Экономика
1 мин оқу 110

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жаңа арнайы салық режимі енгізіледі

<p style="text-align: justify;">2026 жылдан іске асырылатын бұл норма жылдық табысы 15 млн теңгеден аспайтын курьерлерді, такси жүргізушілерін, қолөнершілерді және басқа да мамандарды жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетінен босатады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жаңа арнайы салық режимі енгізіледі

Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғарыда аталған санатқа енетіндер табысының 4%-ы мөлшерінде бірыңғай төлем төлейді. Бұл мөлшерлемеге зейнетақы, медициналық және әлеуметтік аударымдар кіреді. Яғни ай сайынғы табысы 1,25 млн теңгеге дейінгі азаматтар ИП ашпай-ақ заңды түрде жұмыс істей алады.

«Бұл өзгеріс артық бюрократияны азайтып, қызметін заңдастыруды жеңілдетеді. Қазіргі таңда рұқсат етілген 46 қызмет түрі бар, ал қосымша 115 қызмет түрін енгізу ұсынылды — оған курьерлік, тұрмыстық қызметтер мен шағын өндіріс кіреді. Салық кодексіндегі бұл өзгерістер өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қолдауға және шағын бизнесті дамытуға бағытталған, соның нәтижесінде мыңдаған азамат өз қызметін заңды түрде жүргізіп, әлеуметтік қорғауға ие болмақ», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ ұлттық палата табыс мөлшеріне қойылған шектеулерді және қызметті жеке (жұмысшыларсыз) жүргізу талаптарын ескере отырып, Ұлттық палата қосымша 115 қызмет түрін енгізу жөнінде ұсыныс жіберген.

Бөлісу: