«Жаңа адамдар» қозғалысы Республика күнімен құттықтады
<p style="text-align: justify;">Республика күні қарсаңында «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы ел азаматтарына арналған құттықтауын жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қозғалыс өкілдері бұл мерекені ел тағдырын өз қолына алған, өзгерістерге бастамашы жаңа буынның күні деп атады.
«Біздің әрқайсымыз — еліміздің бір бөлшегіміз. Бірі рингте күреседі, бірі сахнадан шабыт береді. Бірі сурет салады, бірі бейнеге түсіреді. Әркім өз ісімен айналысады — бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз», — делінген құттықтауда.
Ұйым жастарды ел болашағына немқұрайлы қарамай, өзінен басталатын жауапкершілікті сезінуге шақырды.
«Республика күні — жай ғана күнтізбедегі күн емес. Бұл — оны құрып жатқан адамдардың күні. Бұл — біз, жауапкершілікті өз мойнымызға алып, әрекет етіп, өзгерістерді өзімізден бастауымыз. Ел — басқа бір жерде емес екенін түсіну. Ел деген — біз. Бұл мен. Мен — Қазақстанмын», — деп атап өтті қозғалыс өкілдері.