Регбишілер Азияны бағындырды
<p style="text-align: justify;">Оман астанасында өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турнирінде ел құрамасы барлық қарсыласын ойсырата жеңіп, чемпион атанды. 12 елдің үздіктері жиналған додада спортышаларымыз бірде-бір ойында ұтылған жоқ, нәтижесінде Азияның жоғары дивизионына жолдама алды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Омандағы екі күндік жарыс топтық және плей-офф кезеңінен тұрды. Қазақстан құрамасы Қырғызстан (44:0), Сауд Арабиясы (27:0) және Катарды (34:7) жеңіп, өз тобында көш бастады. Жартылай финалда Ауғанстанды 41:0 есебімен тізе бүктірген отандастарымыз финалда Үндістан құрамасын 27:0 есебімен ойсырата ұтты.
Осылайша, Қазақстан командасы турнир бойы барлығы 173 ұпай жинады. Мұндай нәтижемен ұлттық құраманың Азия регби тарихында алғаш рет Division 1 деңгейіне көтерілуі – үлкен жетістік. Сонымен, финалға шыққан екі ел – Қазақстан мен Үндістан жоғары дивизионға жолдама алса, Өзбекстан мен Тайбэй төменгі лигаға түсті.