Жасанды интеллект
1 мин оқу 50
Отын-энергетика кешенінде ЖИ қолданылады
<p style="text-align: justify;">Елімізде отын-энергетика кешенінде ЖИ технологияларын қолдану мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осы мақсатта ТЭК саласына ЖИ енгізу жөніндегі акселерациялық топ құрылып, оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кірді.
«Топтың негізгі міндеті – салалық қажеттіліктерді айқындау және ЖИ технологияларын енгізу бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында күш-жігерді біріктіру», деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Сонымен бірге биыл ЖИ шешімдері бар ғаламдық вендорлар мен IT-компаниялардан тұратын AI-альянс құрылған. Отандық IT әзірлеушілерді қолдау мақсатында министрлік пен Astana Hub резиденттері арасында салаға ЖИ шешімдерін енгізу және сол бағытта бірлесіп сынақтар өткізу жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
Бөлісу: