Ауа райы
1 мин оқу 20

Бүгін ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; болжамына сәйкес, 28 қазан күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін ауа райы қандай болады

Кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Ал елдің солтүстік, солтүстік-батыс және орталық бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

Түнде және таңертең кей аймақтарды тұман басуы ықтимал. Батыс пен оңтүстікте ауа температурасы төмендеп, күн салқындайды — +9…+17°С шамасында болады.

Астана қаласында бүгін күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз, күндіз +9…+11 °C, түнде –1…–3 °C. Ал, Алматыда ауа температурасы күндіз +16…+18 °C, түнде +8…+10 °C, кей жерлерде жауын жауады. Шымкентте күн жылырақ — +21…+23 °C, түнде +9…+11 °C шамасында, кей уақытта жаңбыр жаууы ықтимал.

Сонымен қатар метеорологтар қолайсыз ауа райы жағдайлары Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Семей, Астана және түнгі уақытта Атырау қалаларында байқалуы мүмкін екенін ескертті. 

Бөлісу:
Бүгін ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар