Оқиға
1 мин оқу 50

Атырау облысында баланы түйе таптап кеткен

<p style="text-align: justify;">Көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысында баланы түйе таптап кеткен

Оқиғаның 26 қазанда Құлсарыдағы 3-ықшамауданда болғанын хабарлаған Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше қазіргі уақытта зардап шеккен бала травматология бөлімінде ем алып жатыр.

Ветеринариялық инспекциядан мәлім болғандай түйенің құлағындағы сырға Маңғыстау облысына тиесілі, алайда жануар дерекқорда тіркелмеген екен.

«Мамандардың айтуынша түйеден ауру белгілері анықталмаған, жануар арнайы оқшауланған алаңға қамалды. Ал түйенің иесін анықтау жұмыстары көрші өңір мамандарымен бірлесіп жүргізіліп жатыр», деп қорытындылады жергілікті атқарушы орган.

Оқиға туралы видео 29 қазанда тараған.

Бөлісу:
Атырау облысында баланы түйе таптап кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар