Хоккей
1 мин оқу 230

Бүгін «Барыс» командасы Омбыда «Авангардпен» кездеседі

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында елордалық &laquo;Барыс&raquo; командасы Омбы қаласында&nbsp; &laquo;Авангардқа&raquo; қарсы мұз айдынына шығады. Ойын Қазақстан уақытымен 18:20-да басталып, &laquo;Qazsport&raquo; телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін «Барыс» командасы Омбыда «Авангардпен» кездеседі

Бұған дейін қос команда 76 рет кездесіп, олардың 25-інде елордалық «Барыс» жеңіске жеткен. Қалған матчтарда Омбының «Авангарды» үстем түскен.

Қазір ҚХЛ турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 15-орында, ал қарсыласы «Авангард» 25 ұпаймен 7-сатыда тұр. Бұл ойын қазақстандық клуб үшін плей-офф аймағына жақындай түсуге мүмкіндік беретін маңызды сын болмақ.

Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 31 қазанда сырт айдында Челябіде «Тракторға» қарсы өткізеді.

Бөлісу: