Аймақтар
1 мин оқу 30

Қос жаңа нысан

<p style="text-align: justify;">Жаңаарқа ауданы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округте &laquo;Қазақ елі&raquo; стелласы мен &laquo;Балауса&raquo; балабақшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Қанат Қожықаев қатысып, қос жаңа нысанның тұсауын кесті.</p>

Қос жаңа нысан

«Қазақ елі» стелласы елді ме­кен­­дерді көгалдандыру, абаттандыру жобасы аясында бой көтерді. Аудан басшысы: «Бұл стелла – ұлт рухын көтеретін, Тәуелсіздік пен ел бірлігінің маңызын айшықтайтын ерекше ескерткіш», деп атап өтті.

Мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында ашылған, 50 ба­лаға арналған «Балауса» бала­бақ­шасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бөлмелері кең әрі жарық. Балалардың ой өрісін, қабілетін дамытуға, жан-жақты тәрбиелеуге барлық жағ­дай жасалған. Мекемеге тоғыз тәжі­рибелі педагог пен маман жұ­мысқа қабылданған.

Салтанатты шарада аудан­дық мәдени-сауық орталығының өнер­паздары патриоттық әндер шырқап, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
Қос жаңа нысан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар