FAIO 2025 халықаралық ЖИ олимпиадасы басталды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада бүгін басталды, ертең 31 қазанда аяқталады. Бұл ЖИ саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еске салайық, биылғы іріктеу кезеңіне Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Кипр, яғни 9 елден 400-ден астам команда, жалпы саны 1200-ге жуық қатысушы бақ сынап, оның ішінде 200-ден астамы финалдық кезеңге жолдама алды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше енді Алматыда финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі.
Халықаралық бәсеке 2024 жылы алғаш рет өткізіліп, оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам команда қатысып, олимпиада финалистері Бейжің қаласында өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізген.