Президент
1 мин оқу 70

Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президентін қабылдады

<p style="text-align: justify;"><strong>Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада аталған университет филиалының ашылуы нәтижелі қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетеді деп санайды. Сондай-ақ бұл гуманитарлық байланысты нығайтып, елдер арасындағы зияткерлік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ететініне тоқталды.

Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын дамыту, ғылым-білім саласында ықпалдастық орнату, білікті қытайтанушы-лингвистерді даярлау мәселелері талқыланды.

Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективасы жөнінде әңгімеледі.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президентін қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар