Баталов қызметінен кетті ме?
<p style="text-align: justify;" data-start="0" data-end="125"><strong>«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төңірегінде тараған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Кейбір дереккөздерде Р. Баталовтың төралқа төрағасы қызметінен босатылатыны жөнінде мәлімет тараған еді. Бұл – жалған ақпарат.
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Атамекен» ҰКП Жарғысының 16.4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Төралқа төрағасы тек ҰКП съезінің шешімімен ғана сайланады және қызметінен босатылады, - делінген хабарламада.
Палата бұл мәселеге қатысты өзге де жарияланымдардың шындыққа жанаспайтынын және құқықтық негізі жоқ екенін атап өтті.
«Тексерілмеген және жалған ақпаратты таратпауға шақырамыз», – деп жазды Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан.