Шаруашылық
1 мин оқу 20

Қой тұқымын асылдандыру қолға алынды

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысында аграрлық саланы дамыту бағдарламасы аясында 5 000 басқа арналған қой тұқымын асылдандыру жобасы жүзеге асырылады.</p>

Қой тұқымын асылдандыру қолға алынды

Мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жобаның негізгі мақсаты – жайылымдық ресурстарды тиімді пайдалану, қой басының генетикалық әлеуе­тін жақсартуға негізделген тұрақты әрі бәсе­кеге қабі­летті шаруа­шылық моде­лін құру.

Қазір 3 мыңнан астам қой сатып алынып, ауыл шаруашылығы жануар­ларын сәйкестендіру жұ­мыс­тары жүргізіліп жатыр. Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Жобаны сәтті жүзеге асыру өңірдің аграрлық саласының дамуына елеулі үлес қосып, өндіріс көлемін арттыруға, отандық қой шаруашылығының ішкі-сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін ны­ғайтуға мүмкіндік береді.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
Қой тұқымын асылдандыру қолға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар