Әдебиет
1 мин оқу 230

Зейнолла Сәнік мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті

<p style="text-align: justify;"><strong>Қазақстан Жазушылар одағы мен Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының ұйымдастыруымен жазушы, этнограф-ғалым Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына арналған &laquo;Ата дәстүр, асыл сөз&raquo; атты әдеби-сазды кеш өтті,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Зейнолла Сәнік мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті

​Әдеби-сазды кешке қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, ғалымдар мен жастар қатысты.

​Кеш шымылдығын Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі, жазушы Мереке Әбдешұлы Құлкенов ашып беріп, шараның мән-маңызына тоқталды.

​«Бүгін біз қазақ этнографиясының еңселі тұлғасы, қаламы мен ғұмырын халқымыздың болмысын танып-білуге арнаған жазушы-этнограф Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында бас қосып отырмыз. Бұл – бір адамның ғана мерейтойы емес, бұл – тұтас ұлт руханиятына және оны қызғыштай қорғап, көзінің қарашығындай сақтаған жандарға тағзым ету. Зейнолла Сәнік – халқымыздың көнеден жеткен мәдени, рухани қазыналарын жинақтап, жүйелеп, ғылыми тұрғыда саралаған, сонымен бірге көркем сөздің құдіретін этнографиялық таныммен ұштастырған тұлға. Ол – дәстүр мен әдебиеттің, тарих пен тағылымның тоғысқан тұсындағы көпір. Оның шығармалары – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымының шежіресі, ұлт мінезін, салт-санасын танытатын айна. Ол жазған «Қазақтың тұрмыс-салт білімдері», «Табиғат тәлімі», «Дала мәдениеті туралы толғаныстар», «Қазақ этнографиясы» сынды еңбектер – тек этнографиялық туынды ғана емес, ұлт болмысын ұрпақ санасына сіңірер тағылымды мектеп»,- деп атап өтті Мереке Құлкенов.

Бөлісу: