Көкшетауда 16 жастағы студент колледж жатақханасында көз жұмды
<p style="text-align: justify;"><strong>Көкшетаудағы жеке жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің жатақханасында 16 жастағы бірінші курс студентінің денесі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиғаның алдын ала себебі – жүректің кенеттен тоқтауы.
Факт тіркеліп, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала деректерге сүйенсек, оқиға қылмыстық сипатта емес. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Білім басқармасы оқиға туралы ақпарат полиция мен құзырлы органдарға белгіленген тәртіппен дереу жеткізілгенін, сондай-ақ жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.