Саясат
1 мин оқу 100

Екіжақты кездесу өткізді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Респуб&shy;ли&shy;касының Мем&shy;лекеттік кеңесшісі &ndash; Қазақ&shy;станның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жө&shy;ніндегі ұлттық ко&shy;мис&shy;сиясының төр&shy;ағасы Ерлан Қарин Өзбек&shy;стан Респуб&shy;ликасының Самар&shy;қанд қаласында өтіп жат&shy;&shy;қан ЮНЕСКО Бас конферен&shy;ция&shy;сының 43-сес&shy;сиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.</p>

Екіжақты кездесу өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мир­зиёе­вамен болған кездесуде екі ел арасындағы, соның ішін­де ЮНЕСКО аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл әлеуеті талқыланды.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысы­ның Қазақстанды одан әрі жаңғыртуға бағыт­талған жаңа бастамалары туралы айтты.

Тараптар өңірлік бастамаларды ілгерілету, оның ішінде ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра және Бүкіләлемдік мұралар тізімі аясындағы трансұлттық номинацияларды ұтымды үйлестіру жұмыстарын жалғастыру туралы келісімге келді.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның жуырда өкілеттігі аяқталатын Бас директоры Одрэ Азулемен болған кездесуде кейінгі жылдары Қазақстанның бірқатар ұсынысы (Тұран шөлдері, Беташар, Хандар шежіресі және т.б.) ЮНЕСКО-ның беделді тізімдеріне, сондай-ақ 2024–2025 жылдары Б.Соқ­пақбаев пен Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілгенін атап өтті. ЮНЕСКО-ның қолдауымен Алматы қаласындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы алдағы 8 жылдық кезеңде өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Одрэ Азуле Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық бас­тамалары мен Қазақстанда іске асырып жатқан реформалары маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың атынан халықаралық ынтымақ­тастықты нығайтуға әрі білім, ғы­лым және мәдениет салаларында Қазақ­станмен әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Одрэ Азулеге ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. 

Бөлісу:
Екіжақты кездесу өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар