Алматы
1 мин оқу 150
Алматыда алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
<p style="text-align: justify;"><strong>Алматының әл-Фараби даңғылында бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған.
BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.
– Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу: