«Қайрат» Миланда «Интермен» кездеседі
<p style="text-align: justify;"><strong>Алматылық «Қайрат» Лига чемпиондарының негізгі кезеңінде Италияның әйгілі «Интер» клубымен кездеседі. Кездесу Миландағы атақты «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 6 қараша түнгі 01:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Клубтың баспасөз қызметі мәлімдегендей, билеттердің бағасы Алматыда өтетін кездесулерге қарағанда арзан. Ең төменгі билет бағасы бар болғаны 5 еуро.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» бұған дейінгі кезеңдерде айқын ойын өрнегін көрсетіп, құрлықтың үздік клубтары арасында өз орнын қалыптастырып келеді. Миландағы матч қазақстандық футбол тарихындағы маңызды кездесулердің бірі болмақ.