Саясат
1 мин оқу 80

АҚШ Украинаға «Томагавк» зымырандары берілмейтінін мәлімдеді

<p style="text-align: justify;"><strong>АҚШ президенті Дональд Трамп алыс қашықтыққа ұшатын &laquo;Томагавк&raquo; қанатты зымырандарын Украинаға жөнелту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы&nbsp;DW агенттігі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

АҚШ Украинаға «Томагавк» зымырандары берілмейтінін мәлімдеді

Трамп бұл туралы 2 қараша, жексенбі күні Air Force One ұшағында журналистердің Украинаға әскери қолдау көрсету туралы сұрағына  жауап бергенде айтты.

«Жоқ, шын мәнінде, жоқ»,  деді Ақ үй басшысы сөзін шегелеп. 

Бұған дейін Трамп Киев сұраған «Томагавк» зымырандарын беруге әлі дайын емес екенін айтқан болатын. НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесу кезінде сөйлеген сөзінде ол украиналықтарға бұл қаруды игеріп алу үшін кемінде алты ай қажет болатынын атап өтті.

Бөлісу: