Қоғам
1 мин оқу 60

Қазақстанда 6 мыңнан астам сайтқа қолжетімділік шектелді

<p style="text-align: justify;"><strong>Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында 7964 интернет-материал анықталған. Аталған материалдардың басым бөлігі интернет-алаяқтықпен және өзге де заңсыз мазмұнмен байланысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстанда 6 мыңнан астам сайтқа қолжетімділік шектелді

«Қаралған материалдардың нәтижесінде 6087 интернет-ресурс пен сілтемеге қолжетімділікті шектеу туралы 179 нұсқама берілді. Сонымен қатар, заңға қайшы контент орналастырған сайттарға үш ескерту хат жолданды»,  делінген министрліктің жауабында.

Бұдан бөлек, онлайн-платформалардың қылмыстық мақсатта қолданылуын азайту үшін министрлік әлеуметтік желілер әкімшілігіне 1874 материал бойынша 145 ескерту мен хабарлама жіберген.

Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылдан бастап интернет-платформа иелері ай сайын, есептік айдан кейінгі 5-іне дейін. Көрсетілген тауарлар мен қызметтер және жеке тұлғаларға жасалған төлемдер туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынуға міндетті болады.

Бөлісу: