Энергетика
1 мин оқу 60

Гидроэнергетикалық жобалар: Оңтүстік Корея Қазақстанға қалай көмектеспек?

<p style="text-align: justify;"><strong>Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен &laquo;KAZENERGY&raquo; қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Корея Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапарды Азия Даму Банкі (АДБ) ұйымдастырды. Сапар мақсаты &ndash; активтерді басқарудағы құзыреттілікті арттыру және гидроэнергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін зерделеу, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Гидроэнергетикалық жобалар: Оңтүстік Корея Қазақстанға қалай көмектеспек?

Энергетика ведомствосының мәліметінше, делегация Теджон қаласында Кореяның су ресурстары корпорациясы (K-water) дайындаған техникалық бағдарламаға қатысты. Бағдарламаға су-ресурстық саясат мәселелері, гидроэнергетиканың заманауи технологиялары, сондай-ақ орта ГЭС жобаларын іске асыру және қаржыландыру тәсілдері кірді.

Сапар аясында K-water интеграцияланған су ресурстарын басқару орталығына және Теджон көп мақсатты бөгетіне (Daecheong Dam) таныстыру сапарлары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Korea Midland Power Co., Ltd. (KOMIPO), Korea South-East Power Co., Ltd. (KOEN), Korea Hydro & Nuclear Power Co., Ltd. (KHNP) және Korea Overseas Infrastructure & Urban Development Corporation (KIND) компанияларымен кездесулер өтті. Тараптар Қазақстанның оңтүстік-шығысында каскадты гидроэнергетикалық жобаны бірлесіп іске асыру перспективаларын талқылады.

Энергетика министрлігіАталған сапар Қазақстанның таза, сенімді, тұрақты энергетикалық жүйе құру жөніндегі жұмыстарына қосымша серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі.

Бөлісу:
Гидроэнергетикалық жобалар: Оңтүстік Корея Қазақстанға қалай көмектеспек? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар