Экономика
1 мин оқу 80

Қазан айында инфляция 12,6%-ға баяулады

<p style="text-align: justify;"><strong>Ұлттық статистика бюросының <a href="https://stat.gov.kz/industries/economy/prices/publications/458339/">мәліметінше</a>, инфляция 2025 жылғы қазан айындағы есеп бойынша 1 жылда &ndash; 12,6%-ды,&nbsp;&nbsp;бір айда &ndash; 0,5%-ды құраған. Қыркүйекте жылдық көрсеткіш 12,9% құраған еді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазан айында инфляция 12,6%-ға баяулады

Бір жылда азық-түлік тауарларының бағасы  – 13,5% (2025 жылғы қыркүйекте – 12,7%), ақылы қызметтер – 12,9% (2025 жылғы қыркүйекте – 15,3%), азық-түлік емес тауарлар құны – 11% (2025 жылғы қыркүйекте – 10,8%) өскен.

Сондай-ақ ет және ет өнімдері – 21,1%, сүт өнімдері – 10,6%, жемістер мен көкөністер – 12,1%, тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері – 11,3 % көтерілген.

Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,3 пайыздық тармақ) қосқан.

Өткен айда ақылы қызметтер құны – 0,8% төмендеген. 

Бөлісу:
Қазан айында инфляция 12,6%-ға баяулады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар