Әлем
1 мин оқу 30

Қытай жаңа спутнигін ғарышқа ұшырды

<p style="text-align: justify;"><strong>Қытай дүйсенбі күні Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан Жерді қашықтан зондтауға арналған жаңа &laquo;Яогань-46&raquo; спутнигін сәтті ұшырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.&nbsp;</strong></p>

Қытай жаңа спутнигін ғарышқа ұшырды

Бейжің уақытымен сағат 11:47-де ұшырылған «Чанчжэн-7» («Ұлы жорық-7») зымыран тасығышы спутникті есептелген орбитаға дәл шығарды. «Яогань-46» жерді қашықтан зондтау спутнигі табиғи апаттардың алдын алу мен олардың салдарын азайту, жер ресурстарын зерттеу, гидрология мен метеорология салаларындағы ғылыми жұмыстарды жетілдіру мақсатында қолданылатын болады.

Бұл «Чанчжэн» зымырандар сериясының 605-ші сапары саналады. Қытайдың ғарыш саласы соңғы жылдары белсенді дамып, Жерді зерттеу мен мониторинг бағытындағы технологиялық әлеуетін арттырып келеді.

Бөлісу: