Үкімет
1 мин оқу 40

Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт ғимараты салынады

<p style="text-align: justify;"><strong>Президент тапсырмасы бойынша Үкімет Арнайы мемлекеттік қор қаражатын спорт инфрақұрылымдарын дамытуға тартып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім қылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт ғимараты салынады

Сала министрі Ақмола өңірінің Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы аяқталғанын атап өтті. Ал 3 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар – Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Алматы облысындағы спорт кешені және Көкшетаудағы көпфункционалды кешен.

«Қазір жаңа 6 нысан бойынша өтінім жолданды. Олар – Түркістан облысы Бақыбек ауылы, Алматы облысы Шеңгелді және Заречный кенттері, Қостанай облысы Арқалық және Лисаков қалаларындағы, сондай-ақ Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешені», деді Ербол Мырзабосынов.

Бөлісу:
Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт ғимараты салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар