Әлем
1 мин оқу 40

Қытайда ұшатын автокөліктер сынақтан өткізіліп жатыр

<p style="text-align: justify;"><strong>Қытайлық электрлі көлік өндіретін XPENG компаниясы &laquo;ұшатын автомобильдерін&raquo; сынақтан өткізуді бастады.&nbsp;&laquo;Ұшатын көлік&raquo; алты дөңгелекті жерүсті көлігінен және тік ұшып-қона алатын, ұшуды қамтамасыз ететін құрылғысы алуға ыңғайлы аппараттан тұрады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.&nbsp;</strong></p>

Қытайда ұшатын автокөліктер сынақтан өткізіліп жатыр

Айрықша көліктер Қытайдың Гуанчжоу қаласында өндіріліп жатыр. Ауданы 120 мың шаршы метрлік зауыттың өндірістік қуаты жылына 10 000 авиациялық модульді құрайды. Бұл көрсеткіш – осы саладағы әлемдік зауыттардың ішіндегі ең ірісі. 

Кәсіпорын толық қуатында іске кіріскенде  әр 30 минут сайын бір ұшу аппаратын жинауды көздеп отыр. 

XPENG AEROHT компаниясы өнімін таныстырғаннан кейін шамамен 5 000 «ұшатын көлікке» тапсырыс алып үлгерген. Ал «ұшатын көліктер» тапсырыс берушінің қолына 2026 жылы жеткізілмек. 

Ұшып-қонатын электрлі ұшу аппараты автоматты және механикалық басқару режимдерінде ұсынылады. Автоматты режим интеллектуалды маршрут құруға, сондай-ақ бір батырманы басу арқылы ұшып-қонуға мүмкіндік береді. Жерүсті көлігінің ұзындығы шамамен 5,5 метр болады. 

Бөлісу: