Теннис
1 мин оқу 50

Рыбакина – 6, Бублик – 13-орында

<p style="text-align: justify;"><strong>Жуырда Парижде өткен &laquo;Мастерс&raquo; турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик АТР-дің жаңартылған рейтингінде үш сатыға жоғарлап, қазіргі кезде 13-орынды иеленіп тұр. Бұл &ndash; оның мансабындағы ең жақсы көрсеткіш, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Рыбакина – 6, Бублик – 13-орында

Аталған турнирде топ жарған италиялық Янник Синнер әлемдік рейтингте қайта 1-орынға көтерілді. Екінші және үшінші орындарда испаниялық Карлос Алькарас пен германиялық Александр Зверев. Сондай-ақ Тэйлор Фриц (АҚШ), Новак Джокович (Сербия), Бен Шелтон (АҚШ), Алекс де Минаур (Аустралия), Феликс Оже-Альяссим (Канада), Лоренцо Музетти (Италия) және Каспер Рууд (Норвегия) ТОП-10 ойыншының қатарында.

Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі өзінің 6-орнын сақтап қалды. Әйелдер арасында Арина Соболенко (Беларусь) алдына жан салар емес. Оны Ига Швентек (Польша) өшкелеп келеді. Одан кейінгі сатыларға АҚШ-тың үш бірдей теннисшісі – Коко Гауфф, Аманда Анисимова және Джесика Пегула жайғасты. Ал жұптық бәсекедегі Қазақстанның ең мықты ойыншысы Анна Данилина 13-сатыға табан тіреді.

Бөлісу:
Рыбакина – 6, Бублик – 13-орында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар