Мәдениет
1 мин оқу 40

Енді тоғызқұмалақты Пәкістанда да ойнайды

<p style="text-align: justify;"><strong>Ұлтымыздың зияткерлік мұрасы саналатын тоғызқұмалақтың халықаралық ауқымы тағы бір елмен толықты. Исламабадта Пәкістан Тоғызқұмалақ федерациясы ашылып, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Енді тоғызқұмалақты Пәкістанда да ойнайды

Ресми іс-шараға Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов, Қазақстан федерациясының президенті Әкім Тұрсұн, атқарушы директор Серік Ақтаев, сондай-ақ Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қыстафин қатысты.

Жиналыс барысында Пәкістан Тоғызқұмалақ федерациясының алғашқы президенті болып елдің Ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш сайланды.

Жаңа ұйымның құрылуына Қазақстан елшілігінің қолдауы айрықша ықпал етті. Елшілік бастамасымен Исламабадта салынып жатқан «Достық» спорт кешенінде қазақтың дәстүрлі спорт түрлері – қазақ күресі мен тоғызқұмалақ тұрақты түрде дамытылады. Алдағы уақытта Пәкістанның басқа да ірі қалаларында осындай спорт орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Енді тоғызқұмалақты Пәкістанда да ойнайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар