Қоғам
1 мин оқу 50

Минскідегі меморандум

<p style="text-align: justify;">Минск қаласындағы Беларусь Ұлттық кітапха&shy;насында ТМД, Индонезия, Мали, Мьянма, Оман, Палестина, Сербия, АҚШ, Того және Түркия елдері өкілдерінің қатысуымен Жеңістің 80 жылдығына арналған &laquo;Кітапхана &ndash; мәдениет феномені&raquo; атты ХІІ халықаралық конгресс өтті.</p>

Минскідегі меморандум

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министр­лігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD Жандос Болдықов қатысып, «Ұлы Жеңіс қаһармандары. Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы соғыстың адамдық қыры» тақы­рыбында баяндама жасады.

Конгресс аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлт­тық орталығы мен Беларусь Ұлттық кітапханасы арасын­да өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандум аясында тараптар мәдени алмасуды кеңейтіп, кітапхана ісі мен оған қатысты салаларда ынтымақтастықты дамытуға келісті. Сондай-ақ кітапхана құжаттары мен ақпараттық ресурстарды бөлісу, цифрландыру, библиография және ғылыми ақпарат салаларында бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланған.

Бөлісу:
Минскідегі меморандум · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар