Қоғам
1 мин оқу 0

Алатау қаласының ХҚКО-ында электронды кезекті алдын ала брондау жүйесі енгізілді

<p style="text-align: justify;"><strong>Азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 5 - қарашасынан бастап Алматы облысы, Алатау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) электронды кезекті алдын ала брондау жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алатау қаласының ХҚКО-ында электронды кезекті алдын ала брондау жүйесі енгізілді

Енді Алатау қаласының тұрғындары ХҚКО-на бармас бұрын өздеріне ыңғайлы уақытты таңдап, онлайн түрде кезек талондарын алдын ала брондай алады.

Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша жылдам, әрі тиімді етуге бағытталған.

Кезек талондарын брондау тәсілдері:
- "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы;
- Электронды үкімет порталы арқылы;
Брондау расталғаны туралы хабарлама 1414 нөмірінен SMS түрінде жіберіледі.

Ал, дайын құжаттарды беру және өзіне - өзі қызмет көрсету секторындағы қызметтер бұрынғыдай алдын ала жазылусыз көрсетіледі.

Бұл пилоттық жоба халыққа қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруды, азаматтарға қолайлы жағдай жасауды және қызмет алуды барынша қолжетімді етуді көздейді.

Бөлісу:
Алатау қаласының ХҚКО-ында электронды кезекті алдын ала брондау жүйесі енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар