Фотогалерея
1 мин оқу 120

Елорданы қардан тазалауға қанша техника жұмылдырылды?

<p style="text-align: justify;"><strong>Астанада қар тазалау жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше,&nbsp;2025 жылдың 5 қарашасына қараған түні коммуналдық қызметтер қала аумағынан шамамен 686 текше метр, яғни 60-қа жуық ауыр жүк көлігіне тең қар шығарған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Елорданы қардан тазалауға қанша техника жұмылдырылды?

Таңертеңнен бастап қаланы қар мен көктайғақтан тазарту жұмыстарына 810 арнайы техника мен 2 700-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.

1

Қардан тазалау жұмыстары алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттарында жүргізіледі. Бұдан кейін орташа қозғалысы бар көшелер, аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазаланады.

2

Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына ауа райының қолайсыз кезінде сақтық шараларын қатаң ұстанып, жолдар мен тротуарларда аса мұқият болуды ескертеді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше ұзақ сапарлардан бас тартуға кеңес берілді.

3

Айта кетейік, 4 қараша күні қала аумағынан 1000 текше метрден астам қар, яғни 86 жүк көлігі көлемінде қар шығарылған. Сол түні қар тазалауға 374 техника мен 234 жұмысшы жұмылдырылған.

5

Бөлісу: