Аймақтар
1 мин оқу 90

«Жас құтқарушы» сыныбы ашылды

<p style="text-align: justify;"><strong>Абай облысына қарасты Жарма ауданында &laquo;Жас құтқарушы&raquo; сыныбы ашылды. Бұл жұмыс жас ұрпақтың төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, өмір қауіпсіздігінің негіздерін үйретуді көздейді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Жас құтқарушы» сыныбы ашылды

П.Г. Карелин атындағы орта мектепте ашылған кабинет алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған құрал-жабдықтар, өрт қауіпсіздігіне қатысты көрнекіліктер мен тәжірибелік жаттығуларға қажетті материалдармен жабдықталған.

Жаңа сыныптың 20 оқушысы «Жас құтқарушы» куәлігін алды. Алдағы уақытта кабинет базасында үйірме, шеберлік сабағы және тәжірибелік жаттығулар тұрақты өткізілмек

Бөлісу:
«Жас құтқарушы» сыныбы ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар