Аймақтар
1 мин оқу 60

Көкшетауда спорт кешені салынады

<p style="text-align: justify;">Президент тапсырмасы аясында Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынады. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлді.</p>

Көкшетауда спорт кешені салынады

Спорт кешенінде олимпиадалық стандарттың сертификатталған құрал­дарымен жабдықталған бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арнал­ған залдар салынады. Бұл Көкшетауда республикалық, әлемдік деңгейдегі IBA жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді.

Спорт кешенінің аумағында екі футбол алаңы, ядро мен найза лақтыруға арналған алаң, ойын-жаттығу аймақтары, әмбебап спорт алаңдары, жеңіл атлетика аймағы орналасатын болады. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін арнайы құрал-жабдықтар қарастырылған. Бұдан бөлек, өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған скалодром мен мұнарасы бар әмбебап спорт залын ашу жоспарланып отыр. Мұнда кәсіби құтқарушыларды даярлайтын Азаматтық қорғау акаде­миясының курсанттары өздерінің кәсіби дағдыларын арттыра алады.

Мәдени-бұқаралық іс-шараларға арналған заманауи мультимедиялық жүйе­лері бар 650 орындық зал да қол­данысқа беріледі. Нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, ішкі әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілер жүргізіліп жатыр. Нысанның жалпы дайындығы – 85%. Осы жылдың аяғы­на дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Бөлісу:
Көкшетауда спорт кешені салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар