Аймақтар
1 мин оқу 10

Өндірістік цехтар жұмысын бастады

<p style="text-align: justify;">Жақында Маңғыстау облы&shy;сын&shy;да &laquo;Новые трубные тех&shy;&shy;нологии&raquo; ЖШС-ның екі жаңа өн&shy;дірістік цехы ашыл&shy;&shy;ды. Ақтау қала&shy;сы&shy;&shy;ның өнер&shy;&shy;кәсіп айма&shy;ғында ор&shy;на&shy;&shy;&shy;ласқан өн&shy;ді&shy;ріс&shy;&shy;тік алаң&shy;&shy;дар&shy;&shy;дың ашылуына Маң&shy;ғыс&shy;тау облы&shy;сының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, өңір&shy;&shy;дің жетекші мұнай-газ ком&shy;&shy;па&shy;ния&shy;&shy;ларының өкіл&shy;&shy;&shy;дері қатыс&shy;&shy;&shy;ты.</p>

Өндірістік цехтар жұмысын бастады

Жобаның бірі – икемді поли­мерлі арматураланған құбыр­лар шығаратын иннова­ция­лық цех. 3,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған бұл жоба еліміздегі алғашқы локализацияланған өндіріс орны. Мұнай-газ, химия өнеркәсібінің қажеттіліктеріне бағытталған цехтың өндірістік қуаты жылына 300 шақырымға дейін құбыр өндіруге мүмкіндік береді. Болат пен сорап-ком­прессорлық құбырлардың ішкі бетіне антикоррозиялық жабын жағуға арналған екінші цехтың жобалық инвестиция көлемі – 5 млрд теңге, өндірістік қуаты жылына 600 шақырымға дейін құбыр өндіруге мүмкіндік береді. Өнім мұнай, газ бен жоғары қысымдағы химиялық сұйықтықтарды тасымалдау кезінде пайдаланылады.

– Мұндай өндіріс орын­да­рының ашылуы өңірдің эко­но­микалық дамуына серпін береді. Бұл – жаңа жұмыс орындары мен жергілікті кадрлардың дамуына мүмкіндік. Ең бастысы, отандық өндірісті дамыту арқы­лы еліміздің өнеркәсіптік тәуел­сіздігін нығайтамыз, – деді облыс әкімі.

Екі жаңа жоба аясында 125 жаңа жұмыс орны құрылды, өндіріс толық іске қосылғанда тағы 25 адамды жұмысқа орналас­тыру жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Өндірістік цехтар жұмысын бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар